Бос жұмыс орындары Банктік карталар департаментінің Шығару және сүйемелдеу бөлімінің бастығы
 


Банктік карталар департаментінің Шығару және сүйемелдеу бөлімінің бастығы

 Қала: Алматы
Бөлімше:
Міндеттемелер:

  • Банктің төлем карталарын үздіксіз шығару процесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  • төлем карталарын шығарумен және қызмет көрсетумен байланысты мәселелерді шешу ;
  • түрлі лимиттердің белгіленуіне/өзгертілуіне  мониторинг жүргізу;
  • карта ұстаушыларға қызмет көрсету желісін ұйымдастыру;
  • карточкалық бизнестің  тарифтік, кредиттік саясаттарына  және бюджеттеуді  әзірлеуге қатысу;
  • таза пластикке, ДСН-конверттерге  және  POS- терминалдарға тапсырыс беруді ұйымдастыру;
  • Банктің төлем карталарын шығару және қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіруге ұсыныстар енгізу.

Талаптар:
Білім:
білімі - жоғарғы экономикалық/заңдық/лингвистикалық/техникалық;
Жұмыс тәжірибесі:
банк саласында кемінде 4 (төрт) жыл, соның ішінде карточкалық бизнес саласында кемінде 2 (екі)  жыл;
Білім:

  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білу;
  • Халықаралық төлем жүйесінің (ХТЖ) ережелерін білу;
  • карточкалық бизнестің негіздерін білу;
  • төлем карталарымен жасалатын операцияларды ресімдеу және сүйемелдеу тәртібін білу.