Қазан, 2020
 
  • Пн
  • Вт
  • Ср
  • Чт
  • Пт
  • Сб
  • Вс
 
 

"CONTACT" ақша аударымдары

CONTACT – Нарықта 1999 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан ақша аударымдарының алғашқы ресейлік жүйесі. CONTACT жүйесінің операторы «Рапида» БеКҰ ЖШҚ болып табылады.
 
CONTACT жүйесінің көмегімен AsiaCredt Bank (АзияКредит Банк) АҚ бөлімшелерінде шот ашпастан жеңілдетілген рәсіммен ақша аударымдарын жылдам әрі арзан жіберуге болады:

  • бүкіл әлем бойынша – Қазақстан, Ресей, таяу және алыс шет елдері – 170 елден көп ;
  • РФ рубльдерінде, АҚШ долларында және еурода;
  • Visa*, MasterCard*, UnionPay* карталарына есептей отырып, алушы – жеке тұлғаның да, сондай-ақ заңды тұлғаның да Ресей, Еуропа елдеріндегі, АҚШ, Канада, Вьетнам, Түркия, БАӘ, Үндістан, Тайланд, Жаңа Зеландия, Сингапур, Австралия, Гонконг және Малайзия елдеріндегі кез келген банктегі шотына есептей отырып, қолма-қол ақшалай төлеу (CONTACT-шот сервисі)
  • жеткізу жылдамдығы: шынайы уақыт тәртібінде. Аударым берілетін уақыт жөнелту пункті мен алу пунктінің сағаттық белдеуіндегі айырмашылыққа, сондай-ақ алушы-банктің жұмыс тәртібіне байланысты;
  • жөнелтушінің ұялы телефон нөміріне ақша аударымының ағымдағы мәртебесі туралы sms-хабарлама жіберу;
  • мекенжайы жоқ төлем – Аударымды CONTACT Қазақстандағы, Ресейдегі және таяу елдердегі кез келген пунктінде алуға болады.

*Шектемелер эмитент-банктерге жарамды


CONTACT тарифтері:

Сіз Қазақстаннан аударым сомасының 0,1 % комиссиясынан басталатын аударымдарды аударым сомасына және оның жіберілетініне байланысты жібере аласыз.

Бір аударымның ең үлкен сомасы:
  • таяу елдер арасында: 600 000 RUB / 10 000 USD / 8 300 EUR
  • алыс шет елдерде Алушы елдің ұлттық заңнамасына сәйкес белгіленеді.

Ақшалай қаражатты жіберуге қойылатын шектеулер – 50 мың долларға дейін, бір жеке тұлға 50 мың доллардан жоғары сомада аударым жіберген кезде, аударым туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беріледі.

Толық тарифтік желі CONTACT жүйесінің сайтында қолжетімді.

CONTACT жүйесінің негізгі артықшылықтары:

Тиімді – қызмет құнын тек жіберуші төлейді – алушыға ақшалай аударым тегін төленеді.
Ыңғайлы – Аударым жіберу үшін Сіздің алушы банктің деректемелерін білуіңіз қажет етілмейді, ақшалай қаражат жіберілетін елдің, қаланың атауын және алушының аты-жөнін көрсетсе де жеткілікті. Ақша аударымдарын Қазақстан, Ресей және ТМД елдері бойынша жіберу мекенжайсыз жүреді – ақшалай қаражат алушыға CONTACT жүйесінің көрсетілген елдегі кез келген пунктінде беріледі. 
Жылдам – аударымды ресімдеудің жеңілдетілген рәсіміне бірнеше минут жұмсалады әрі өтініш бланкісін жазып-толтыруды қажет етпейді.
Сенімді – аударымдардың қауіпсіздігі ақпаратты қорғайтын озық технологиялары бар арнайы бағдарламалық кешенмен қамтамасыз етіледі.


CONTACT төлем жүйесі көптеген ресей және халықаралық сыйлықтарға ие болды:
  • «МАРКА №1 в России» жалпы ресейлік конкурстың «Ақша аударымдары» санатында үш мәрте жеңімпазы (2011-2013);
  • «Тұтынушылар құқықтары мен қызмет көрсету сапасы-2014» сыйлығының лауреаты
  • «Ақша аударымдары» санатында «Жыл компаниясы» сыйлығының лауреаты (2012)
  • International Star Award for Quality (2012), The Bizz Award (2013), International Quality Summit (2013) сыйлықтарының лауреаты;

CONTACT жүйесін Сіз мыналарға да пайдалана аласыз:
  • аударымдарды шот ашпастан жіберу;
  • жеке тұлғалардың шоттарын толтыру;


Аударым жіберу үшін Сіз мыналарды орындауыңыз қажет:
  • AsiaCredіt Bank (АзияКредит Банк)  АҚ Сізге ыңғайлы, CONTACT жүйесі бойынша аударымдарды жүзеге асыратын бөлімшесіне хабарласу;
  • Банк қызметкеріне алушының өз төлқұжатында көрсетілген аты-жөнін хабарлау;
  • Жеке басын куәландыратын құжатты көрсету;
  • Аударым жіберуге берілетін өтініштердің бланкілеріне қол қою;
  • Аударым сомасын салып, комиссия төлеу;
  • Алушыға CONTACT желісіндегі аударым төлемінің пунктін, аударым сомасы мен нөмірін хабарлау. Ақша аударымы алушыдан қосымша комиссия ұстап қалмастан толық төленетін болады.

Аударым алу үшін Сіз мыналарды орындауыңыз қажет:
  • Жіберушіден аударымның нөмірі мен сомасын алу;
  • CONTACT желісінің пунктіне жұмыс уақыты кезінде келу;
  • Жеке басын куәландыратын құжатты көрсету;
  • Аударым алуға берілетін өтініштің бланкісіне қол қою;
  • Аударым сомасын алу. 
  • Төлем үшін комиссия алынбайды.

Соңғы жаңалықтар

Жеке тұлғаларға арналған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің өзгерістері

Құрметті клиенттер! 2020 жылғы 01 қарашадан бастап максималды сыйақы мөлшерлемесі төмендетіледі*: ·         орналастыру мерзімі 12 ай ұлттық валютада толтыру құқығымен /толтыру құқығынсыз жеке тұлғалардың мерзімді салымдары бойынша; ·         о... 06.10.2020

Касательно обслуживания платежных карточек АО «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)»

Уважаемые клиенты-держатели карточек Банка!   В связи с проведением технических работ по переводу карточной системы Банка на обслуживание в другой процессинговый центр, уведомляем Вас о следующем:   2.             При этом... 25.09.2020
 



 
Біз Қазақстандамыз